ҚИнЭУ-де университеттік спартакиада өтеді

ҚИнЭУ-де 10 қаңтар күні XIV университеттік спартакиада бастауын алады. Оған мұғалімдер мен қызметкерлер қатысады. 2 күндік спартакиада аясында спорттың 10 түрінен жарыстар өтеді: дартс, секіргішпен секіру, армрестлинг, дойбы, арқан тартысу, шағын футбол, үздік снайпер, пневматикалық винтовкадан ату, көңілді старт, волейбол. Ашылуы 13.00-де. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар,медальдар және есте қалар сыйлықтармен марапатталады. Аталмыш спартакиаданың басты мақсаты салауатты өмір салтын дәріптеу, физикалық белсенділікті дамыту және қызметкерлердің ҚИнЭУ дене шынықтыру іс-шараларына қатысуы.

1
×
Добрый день! 👋
Мы можем чем-то Вам помочь?