Студенттік дебют!

Осындай атаумен ҚИнЭУ университеті мен колледж студенттері ұйымдастырған керемет іс-шара өтті. Оған бірінші курс студенттері қатысып, сахнада өз өнерлерін дүйім жұртқа паш етті. Ән шырқалып, би биленіп, стандап пен көріністер де болды. Іс шара шарты бойынша барлығы танымал кинофильмдермен байланысты болуы керек еді. Осылайша көрермендер мен әділ қазы алқасы «Хроники Нарнии», «Гарри Поттер», “Волшебная лампа Алладина”, тіпті «Титаник» секілді фильмдерден күлкілі көріністер қойды. Көрермен көзайымы сыйлығы ҚИнЭУ колледжінің командасына бұйырса, басты кубокты университетіміздің экономикалық факультеті жеңіп алды. Көрермендердің көңіл күйі мен ду қол шапалағына қарай отыра, «Студенттік дебют» іс шарасы көпке дейін есте қалады деуге болады.

1
×
Добрый день! 👋
Мы можем чем-то Вам помочь?