Үздіктер марапатталды

Жыл сайын дәстүр бойынша Тәуелсіздік күнінің қарсаңында еліміздің айтулы азаматтары қоғамдық-әлеуметтік, мәдени салаға қосқан үлестері және белсенді қоғамдық қызметтері үшін марапатталады. «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясының Қостанай облыстық филиалы Қазақстан Республикасының мемлекеттік және өкілеттік марапаттарына қол жеткізген партияластарын құттықтайды. Нақтырақ айтар болсақ, «Құрмет» орденімен «Азимут» ЖШС директоры Валентин Хаданович марапатталды. «Еңбек ардагері» медаліне Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің қызметкерлері Алма Куйшинова, Раиса Притула және Бутан Сарсембаев ие болды. Ал КИнЭУ колледжінің жұмыскерлері Марьям Амергужина және Галина Назарова ҚР білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасына» қол жеткізсе, «Западный» қалалық кітапханасының меңгерушісі Марьям Имаканова мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының қызметкері Любовь Федас ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің дәл осындай грамотасының иегері атанды. Сонымен қатар, еліміздің Энергетика министрлігі М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ қызметкері Исламбек Кушетеровты «Құрметті энергетик» төсбелгісімен марапаттады. «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісіне «Веста» шаруа қожалығының басшысы Виталий Неред пен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қызметкері Муафик Мустафин ие болды. Сондай-ақ, «Романтик» пәтер иелері кооперативтерінің төрағасы Ирина Нальгиева «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері», КИнЭУ колледжінің мүшесі Гульнара Дюзельбаева «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атанды. Марапаттарға қол жеткізген партия мүшелерінің алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.

1
×
Добрый день! 👋
Мы можем чем-то Вам помочь?