ҚИнЭУ-де «Еуропалық Одақ агробизнесінің менеджменті тәжірибесін Қазақстан және Орта Азия елдеріне трансформация» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы өтті

27 желтоқсан күні біздің университетімізде «Еуропалық Одақ агробизнесінің менеджменті тәжірибесін Қазақстан және Орта Азия елдеріне трансформация» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараның модераторы экономика ғылымдарының кандидаты, халықаралық аграрлық білім беру академиясының корреспондент мүшесі, экономика кафедрасының профессоры Притула Р.А. болды. Іс-шараның мақсаты – Еуропалық одақ агробизнесіндегі менеджмент тәжірибесімен танысу және оны Қазақстанға жеткізудің мүмкіндіктері; Еуропалық одақ аграрлық саясатымен танысу. Дөңгелек үстелде бірнеше баяндама ұсынылды. Мәселен, ғылым бойынша проректор Амангелді Шаяхметов Еуропалық Одақ агробизнесіндегі менеджмент туралы айтып берді. Ал экономика ғылымдарының магистры, экономикалық факультеттің деканы Татьяна Острянина инвестициялық менеджменттің методологиялық негіздері туралы сөз қозғаса, «Аграрлық менеджмент» мамандығы бойынша менеджмент магистры, экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Сарсембаева инвестициялық қызметті жоспарлау және басқару туралы баяндама ұсынды. Қашықтан оқыту факультетінің деканы және Jean Monnet модулінің модераторы Ғалия Исмуратова «Еуропалық одақтың аграрлық саясатының негіздері» тақырыбындағы баяндамасын мәлімдеді. Сонымен қатар спикерлердің қатарында ҚИнЭУ ректоры Сабит Исмуратов, стандартизация және азық-түлік технологиялары кафедрасының меңгерушісі Ғайния Есеева, академиялық даму бойынша проректор Гульнара Дюзельбаева, экономика және менеджмент кафедрасының профессоры Раиса Притула, ғылыми зерттеулер бөлімінің басшысы Динара Жамалова, автоматика және есептеуіш техника кафедрасының меңгерушісі Қуат Жүнісов болды. Сонымен қатар, жиналысқа «Агронимия» мамандығының 1 курс студенті Аяна Шаметова да қатысты. Жалпы айтқанда дөңгелек үстел жұмысы ойдағыдай өтті. Қатысушылар өз ойларын айтып, алға қойған мақсатқа қол жеткізу жолындағы ұсыныстарымен бөлісті.

1
×
Добрый день! 👋
Мы можем чем-то Вам помочь?