ҚИнЭУ және “Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар басқармасы” ММ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжатқа қол қою “Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар басқармасы”ММ кеңсесінде бизнес-орталықта өтті. Меморандумға корпоративтік басқару жөніндегі проректор Рита Исмұратова мен басқарма басшысы Еркебұлан Әбдікәрімов қол қойды.

Тараптар осы Меморандум білім беруде цифрландыруды дамыту мен ілгерілетудің және студенттерді ІТ технологиясы саласына тартудың маңызды тетігі болады деп есептейді.
Ынтымақтастық жол картасын іске асырудың бірінші шарасы оқытушылар мен мамандар үшін семинар, оқыту тренингтерін өткізу болып табылады.

Осы Меморандум шеңберінде тараптар өзара тиімді ынтымақтастық, өзара түсіністік, құрмет және сенім туралы уағдаласты және Тараптар арасындағы өзара қарым-қатынастарды жүйелеу мақсатында жасалды.

1
×
Добрый день! 👋
Мы можем чем-то Вам помочь?