«Жеке бизнесінді қалай ашуға болады?!»

ҚИнЭУ конференц-залында экономика факультетінің студенттерімен «Жеке бизнесінді қалай ашуға болады?!» тақырыбында  семинар өткізілді. Жаттықтырушы Әбутәліп Әбдіхалықов жастарға өз кәсібін  бастау  және кәсіпкердің қандай қасиеттерге ие болуы керектігі туралы әңгімелеп берді.

Тренингтік семинарда қатысушылар мақсатты дұрыс қоя білумен  және бір күндік, апталық, айлық жұмыстарды тиімді  жоспарлаумен таныса алды. Студенттер нақты мерзімдерді көрсете отыра қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарды өздігінен жасай білуге үйренді.

Семинар барысында Абуталип Әмірұлы сауалнама түрінде тренинг өткізді. Студенттер үлкен қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.


Жалпы, семинар қызықты әрі серпінді өтті. Студенттердің барлық сұрақтарына жауап берілді.

 

 

1
×
Добрый день! 👋
Мы можем чем-то Вам помочь?