Мемлекеттік гранттар
Қостанай инженерлік-экономикалық университетіне мемлекеттік грантпен, жергілікті атқарушы ұйымдар грантымен, ректор грантымен оқуға түсуге болады.
- Республикалық бюджет есебінен білім гранттарын тағайындау конкурсына өтінімдер қабылдау – 18-26 шілде аралығында жүзеге асады.
- Республикалық бюджет есебінен білім гранттарын тағайындау конкурсы – 27 шілде – 5 тамыз аралығында болады.
- Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтінімдер қабылдау – 5 – 10 тамыз аралығында жүзеге асады.
- Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен білім гранттарын тағайындау конкурсы – 11 – 15 тамыз аралығында өтеді.