Президент Жолдауы талқыға салынды!

М. Дулатов Қостанай инженерлік-экономикалық университеті қабырғасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқыға салды. Бұл шарада тек университет оқытушылары ғана емес, «Западный» шағын ауданына қарасты қала тұрғындары, өнер саласы мамандары, мектеп ұстаздары да келіп, Жолдауда аталған міндеттерді талқыға салды.

Аталмыш іс-шара «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты тақырыпта өткізілді.

Қоғамдық диалогты ҚИнЭУ ректоры, «Ауыл» ХДПП Қостанай облыстық филиалы төрағасы Сәбит Есмұратов бастап, өзекті мәселелерге кеңінен тоқтала кетті:

«Жолдаудың азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне, өмірлік маңызды мәселелерге және әлеуметтік қорғалуына бағдарлануы бізді қатты қуантты. Президенттің жолдауы Қазақстанның болашақта дамуында маңызды рөл атқарады деп есептейміз және еліміздің үлкен жетістіктерге жететініне, уақыт өте келе алға жылжып, әлемнің дамыған елдерінің қатарына енетініне сенеміз»

Сонымен қатар, ҚИнЭУ доценті Райхан Абдрахманова, ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі доценті Елужан Искендиров, «Ауыл» партиясының координаторы Алма Куйшинова, Қостанай қ. «Западный» орталықтандырылған кітапхана жүйесінің меңгерушісі  Марьям Имаканова Мемлекет басшысының бастамасын қолдай отырып, баяндамалары арқылы өз пікірімен бөлісті.

Жолдаудағы агроөнеркәсіпкешендеріне тоқталып, осы саладағы жаңа өзгерістер мен дамуы, әділ салық жүйесі  және дұрыс қаржылық реттеу бойынша «Азимут» ЖШС директоры Валентин Хаданович өз өйын айта кетті.

 Отырысқа жиналған қауым Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін қызу қолдап, олардың табысты іске асуына бар күш-жігерлерін салатындарын айтты.

1
×
Добрый день! 👋
Мы можем чем-то Вам помочь?