ҚИнЭУ студенттері «Startup Bolashak:Менің Арманым» стартаптар байқауына қатысты

Бұрын әр облыста Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің келісімі бойынша бизнес-инкубатор құрылды, оның негізінде базалық жоғары оқу орны таңдалды. Қостанай облысы бойынша М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті таңдалды. Ағымдағы жылдың ақпан айында унивеситетте «Startup Bolashak:Менің Арманым» байқауының іріктеу кезеңі өткізілді. Іріктеуден өткендер ширек финалға бірнеше ай аралығында дайындықтар жүргізді. Байқаудың аймақтық координаторы ҚИнЭУ коворкин орталығының жетекшісі Дамир Мнайдаров болды.
Қостанай облысында іріктеу кезеңінен 17 жоба өтті, Астанада 471 жоба ширек финалға жіберілді. Жалпы алғанда, 900-ден астам жас стартапшылар, 100 сарапшы, 50 ұстаз және 20 аймақтық координаторлар болды.

Конкурстың қатысушылары үш күннің ішінде инвестициялар тарту, бизнес-жоспарларды жазу, SMM, мақсаттарға қол жеткізу әдістері, олардың идеяларын құзыретті ұсыну, нарықты және тұтынушыларды бағалау тақырыбы бойынша тренингтерге қатысты.
Конкурстың қатысушылары айтқандай, Астанада өткен үш күн бойы олар білім мен мен қабілеттерін арттырды.

– Осы байқаудың арқасында біз Қазақстандағы ең жақсы бизнес-жаттықтырушылардан сабақ алудың бірегей мүмкіндігіне ие болдык, идеяны табысты жүзеге асыру үшін не істеу керек екенін, қазірдің өзінде дамудың қандай жетістіктері бар екенін білдік, – деді ҚИнЭУ студенті Дмитрий Шейнмаер. – Бұл бізге үлкен тәжірибе берді және біздің аймақтағы жастар кәсіпкерлігін дамытуға үлкен ынта көрсетті.

2018 жылдың шілде айында өтетін «SratupBolashak: Менің арманым» жазғы кубогы аясында өткен сайысқа қатысуға, жартылай финалға 100-ден астам жоба іріктелініп алынды. Олардың үшеуі біздің қостанайлықтар ұсынған жоба.
Ауқымды жобаның ұйымдастырушысының айтуынша, ҚР білім және ғылым Министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев осындай жобалардың негізгі мақсаты – жастардың арасынан қазақстандық Илон Маскті табу: – Біз өзіміздің Илон Маскті шығаруымыз керек. Әрқайсысы кішкене деңгейде болса да сонадй болу керек. Біз көп ойлануымыз керек, кәсіпкерлікті жаңа деңгейге жеткізуіді жан-жақты мүмкіндіктерін қарастыруымыз керек. Біздің елімізге деген патриоттылығымыз осында. Қазақстанда кәсіпкерлікті жетілдіруге арналған бағдарламалар көп. Оларды түсіндіріп, жастарға өз жолын табуға көмектесуіміз керек.

Leave a Reply

Your email address will not be published.