ҚИнЭУ түлектерінің қауымдастығы – бұл жоғары оқу орнынан шыққан түлектердің бітірген жылына қарамастан барлық түлектердің бірлестігі, ҚИнЭУ түлектерін Одаққа қабылдау рәсімі қарастырылмайды.

ҚИнЭУ түлектері Одағы міндеттері:

  • • Кәсіптік өсуіне қолдау көрсететін түлектер арасындағы қарым-қатынасты қолдау. Бітірушілер кездесуін ұйымдастыру;
  • • Қазақстан аумағында, сондай-ақ басқа мемлекеттерде тұратын және жұмыс істейтін біздің ЖОО түлектерімен өзара іс-қимыл жасау үшін шаралар қабылдайды;
  • • Позитивтік тәжірибені, ҚИнЭУ дәстүрлерін студенттердің жаңа буынына жеткізу, көрсету;
  • • ҚИнЭУ  түлектерін магистратурада, аспирантурада оқуға, ғылыми қызметіне, ғылыми деңгей мен атақ алуына, екінші мамандық алуына өзіміздің ЖОО базасында қайтадайындалуға көмек көрсету;
  • • ЖОО тарататын және оның қатысуымен басылған баспа басылымдарын қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану кезінде түлектердің практикалық тәжірибесін алмасуға көмектеседі;
  • • ҚИнЭУ тәжірибелі (бұрынғы түлегі) түлегі университетті бітірген жас маманға қамқорлық жасайтын тәлімгерлік (бақылау) қағидаларын енгізеді;
  • • Мүлікті (кеңсе техникасын, жабдықты, әдебиеттерді және т.б.) және ақшалай түрде ерікті қайырымдылық жасау арқылы өзі бітірген ЖОО мекемесіне материалдық көмек көрсету.

Түлектерді тіркеу формасы

ҚИнЭУ түлектер одағы өзінің басқару органдарын сайлауын қарастырмайды және ұйымдастырушылық бөлімде ректордың, факультет декандарының басшылығымен өтеді.

ҚИнЭУ түлектер одағы жұмысын университет ректораты түлектер кездесуінде және ҚИнЭУ ғылыми кеңесі отырысында хабарлайды.