Міржақып Дулатов – ақын, жазушы, публицист, педагог, қоғам қайраткері, XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ірі өкілдерінің бірі. 1985 жылы Торғай облысының Жангельдин ауданында дүниеге келген.

Анасы Демештен ерте айырылды, ол бар болғаны екі жаста болғанда қайтыс болған, ал әкесі Дулат 12 жасқа толған шағында қайтыс болған. Міржақып бастапқы мектепті ауылда бітіріп, 1897 жылы орыс-қазақ училищесіне оқуға түседі. Оны 1902 жылы бітіріп, ауыл мұғалімі болады.

1904 жылы оның барлық өмірін түбегейлі өзгерткен оқиға болды. Қарқаралыда ол Ахмет Байтұрсынов және Әлихан Бөкейхановпен танысады. Қазақ реформалық ұлттық қозғалысының екі көшбасшысының ықпалымен отаршылыққа қарсы көзқарасын қалыптастырды. Дулатовтың саяси ұстанымы 1909 жылы Арғын деген бүркеншік атпен өзінің бірінші «Оян, қазақ!» поэзиялық жинағын шығарғанда анықталды. Кітапша шұғыл тәркіленді. Ол бұл кітапшаны 1911 жылы қайтадан шығарып, Торғай жеріне оралды. Осы аралықта 1910 жылы Міржақып өзінің алғашқы «Бақытсыз Жамал» атты повестін жарыққа шығарды. Бұғаулы қазақ әйелінің тарихы қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің прозасындағы бірінші шығарма болды.

Сонымен қатар Дулатов қазақ реформизмі және ұлттық-азаттық қозғалысының көшбасшыларының бірі болды. Өзінің шығармаларының кесірінен полицияның және патша қарауылдарының бақылауына түседі. Қара тізімге тап болған ол, көп уақытқа дейін қалада жұмысқа орналаса алмайды. Ал 1911 жылы Семейде тұтқынға алынып, бір жарым жыл абақтыда болады.

Абақтыдан босағаннан кейін М. Дулатов Семей түрмесінен енді ғана босаған А. Байтұрсынов және Ә. Бөкейхановпен 1913 жылы өзі негізін қалаған «Қазақ» газетінде және «Айқап» журналында, Керен үкіметімен 1917 жылы жабылғанға дейін шығармаларын тұрақты басып отырды. Ол өзінің мақалалары мен поэмаларында империялық әкімшіліктің езгісіндегі қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалын сынға алады. 1913 жылы ол «Азамат» атты патриоттық поэмасын басып шығарады.

1917 жылдың жазында Міржақып Дулатов Орынбор қаласында бірінші қазақ саяси «Алаш» партиясы нақты бекітілген Бірінші бүкіл қырғыздық съездің ұйымдастырушыларының бірі болды. 1917 жылы келешек федеративті Ресейді меньшевиктердің басқаруында көретін Кырғыз (Қазақ) автономиясының жариясынан кейін, Дулатов Бөкейханов және Байтұрсынов жетекшілік еткен «Алаш-Орда» үкіметінің мүшесі болады. 1919 мамырына дейін «Алаш-Орда» қызылдармен де, ақтармен де келіссөздер жүргізуге тырысты. Бірақ оны ешқайсысы мойындамады. Ресей Жоғарғы билеушісі адмирал Колчак келіссөздерден бас тартты, ал үкіметке келген большевиктер 1920 жылдың ақпанында «Алаш-Орда» Автономиясын таратып жіберді. Оның көшбасшыларына рақымшылық жасалғанымен, олар басқарудың жергілікті органдарына еніп, ХІІК-нің үнемі бақылауында болды.

Дулатов баспа және педагогикалық қызметке қайтып оралды және 1922 жылдан 1928 жылға дейін Орынбор қаласында тұрды. 1928 жылы Міржақып арап әліпбиін жоюға қарсы шықты, ол тіл реформасын халықты өз тарихынан алыстатуға, ана тілін жоғалтуға бастама болатын халықтың жазбаша тарихымен халықтың байланысын үзу құралы деп есептеп, қазақ тілінің және дінінің құқығын сақтап қалуға барынша тырысты. Келешек оның дұрыс жасағанын көрсетті, бірақ 1928 жылдың 29 желтоқсанында Дулатовты ХІІК органы қазақ ұлтшылы деген айыппен тұтқынға алды.

Оған ату жазасын берді, бірақ кейін 10 жылға лагерге ауыстырды. М. Дулатов 1935 жылдың 5 қазанында Соловецкий лагерінің лазаретінде қайтыс болды. М. Дулатовтың есімі мен шығармашылығына ұзақ уақыт бойы тыйым салынды. Тек 1988 жылдың 4 қарашасында ақталды. Оның 1905 жылы туылған, мамандығы бойынша дәрігер қызы Гүлнар әкесінің әдеби мұрасын сақтауда және оның ақталуы үшін көп жұмыс атқарды.

1991 жылы Міржақып Дулатовтың өлеңдері, прозалық шығармалары, журнал, газет беттерінде жарық көрген мақалалары кірген өлеңдер жинағы басылып шықты.

Мыржакып Дулатов 125 лет [скачать буклет]
Музей Мыржакыпа Дулатова в КИнЭУ [скачать буклет]

Leave a Reply

Your email address will not be published.