МОН формирует платформу для робототехников, тренеров, судей ҚИнЭУ-де облыстық Робототехника фестивалі өтті

Осы аптаның сәрсенбі және бейсенбі күндері Қостанай қаласында робототехника және автоматикадан облыстық «Ғылым және техника» фестивалі өтті.

Аталмыш ауқымды іс-шараны «ҚазРоботикс қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Қостанай облысы білім басқармасы және М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті ұйымдастырды.
Фестиваль өңірімізде осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Биыл ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» жобасын жүзеге асыру мақсатында жүргізілді.
Шараға облысымыздың мектептері, колледждері мен ЖОО-дарынан барлығы 120-ға жуық қатысушы жиналды. Дода бағдарламасы спорттық робототехника, 3D модельдеуі бойынша олимпиада, ғылыми-зерттеу жобаларының байқауы және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына байланысты техникалық шығармашылық және модельдеу бөлімдері бойынша көрмесін қамтыды.
Спорттық робототехникада сайыс 3 лига бойынша өткізілді. Біріншісінде осы салаға ең алғаш келген балалардың жұмыстары сумо, кегельринг және сызықтағы жарыс арқылы бағаланса, ал қалған 2 лигада түрлі жарыстарда тәжірибесі бар жас өнертапқыштар сайысқа түсті. Олардың алдына биатлон және роботтардың эстафестасы, лабиринттан шығу және жүретін роботтардың сумосы деңгейлерінен өту мақсаты қойылды. Балаларға осы жерде роботтарын құрастырып, олардың қызметін бақылауға 2 сағат берілді. Түрлі спорттық робот ойындары арқылы берілетін жаңа техникалық оқытудың бұл әдістері әлдеқайда тиімді әрі қызықты екеніне көзіміз жетті.

– Оқу орнымызда робототехниканы дамытып жатырмыз, – дейді университеттің инженерлік-технологиялық факультенінің м.а және байқаудың әділ-қазы мүшесі Денис Комаров. – Келесі жылы «Өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехника» атауымен бөлек білім траекториясын «Автоматтандыру және басқару» және «Машина құрастыру» атты екі мамандық аясында жүзеге асырмақпыз. Бұл бағытта біз заманауи кәсіпорындармен, яғни, «Евраз Каспиан Сталь» және «СарыАркаАвтоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестерімен ынтымақтастық құратын боламыз.

«Бүгінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы Қостанай облысында жақсы жүзеге асырылуда. Үстіміздегі жылы өңіріміздің барлық қалалары мен аудандары мектептерінде 21 робототехника кабинеті ашылды. Онда осы шығармашылық түрімен айналысатын балалардың барлығы қамытылып отыр. Бұл кабинеттердің ашылуы болашақта еліміздің дамуына үлес қосатын инженер, ІТ-технология бағытында жұмыс жасайтын мамандарды шығаруға көп септігін тигізеді», – деді Қостанай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Укина.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым Жолдауларында, халыққа үндеулерінде, мақалаларында робототехниканы, цифрлық технологияларды дамытуды дұрыс жолға қою керек екендігін айтып отырады. Осы жылы робототехника мен киберспортты дамытатын үйлестіру кеңесі құрылған екен. Мұндай іс-шаралардың мақсаты – балалардың техникалық, инженерлік салаларға қызығушылығын арттыру болып табылады.

Бүгінде жасөспірімдерді дамытудың жолы көп. Бір роботтың өзінде амалдары жетіп артылады. Өмір ағымынан қалып қоймау керек. Жарыс 7 кезеңнен тұрады. Қатысушылар электронды құрылғыларын қазылардың көз алдында бөлшектеп, бағдарламаларын ағытып, қайта құрастыруы тиіс. Тапсырмалар кезең-кезеңімен күрделене берді. Жасөспірім өнертапқыштар жасаған жобалар ғылым мен техниканы ұштастырып, тұрмысты жеңілдетуге бағытталған. Олар құрастырған үлгілер «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының барлық бағыттарын қамтиды.
«Қазроботикс» федерациясының президенті Айжан Жекеева: – Біздің шараларымызға қатысқан балалар саны 2016 жылы 400 бала болса, былтыр 1300 бала болды. Биыл 3 мыңдай қатысушы тізімге кіріп отыр. Екі күндік фестиваль аясында студент жастардың инженерлік қабілеттері үш өлшемді модельдеу олимпиадасында сарапқа салынды. Үздік шыққандар республикалық байқауға жолдама алды, – деді.
Сайыстың жабылу кешінде аталмыш саладағы үздіктерді және жетекшілерін мараппаттай келе жалпы командалық есепте жүлделі орындарға ие болған командаларды да анықтады. Үшінші орынды «Роботикс» жеке мектебі иеленсе, екінші орынға Горький атындағы гимназия орналасты. «Озат» дарынды балалар мектебі жүлделі 1 орынды алды.
Сайыста жеңімпаз атанған балалар қазан айында Петпопавл қаласында өтетін республикалық сайысқа жолдама алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published.