Тарихы

Есеп және қаржы кафедрасының тарихы 2000 жылы Бизнес және басқару институтының базасында бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының құрылуынан бастау алады.

Бұндай мамандықтың ашылуы қажеттілігі сауатты есеп қызметкерлері керек болғандықтан пайда болды.

2004 жылы Қаржы мамандығының ашылуы нәтижесінде бухгалтерлік есеп және есеп кафедрасы есеп және қаржы кафедрасы деп ауыстырылды.

2007 жылы есеп және қаржы кафедрасы мамандықтарды сараптаудың өзгеруіне байланысты есеп және аудит кафедрасы деп ауыстырылды.

2017 жылы университетті қайта құрылымдау аясында есеп және аудит кафедрасы есеп және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы деп ауыстырылды.

2018 жылы есеп және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы есеп және қаржы кафедрасы деп ауыстырылды.

Жетістіктер

Кафедра ғылыми салада белсенді жұмыс істейді. Нәтижесінде кафедраның профессорлық-мұғалімдік құрамы студенттермен бірге ғылыми конференцияларға, «Есеп және аудит» мамандығы бойынша республикалық олимпиадаларға және ғылыми жұмыстардың республикалық сайыстарына қатысуда.

Кафедраның ұстаздар құрамы өздерінің зерттеу нәтижелерін шетелдік танымал ғылыми журналдарда, монографияларда жариялайды. Және шетелдік авторлармен бірге жобалар өткізіп тұрады. Нақтырақ айтар болсақ, Ғалия Исмуратова есімді профессор «Электронное обучение: руководство по применению и внедрению в вузе» кітабын шығарды.

Сонымен қатар, кафедраның ұстаздар құрамы оқу-әдістемелік жұмысында білім берудің интерактивті әдістерін белсенді түрде қолданады. Нақтырақ айтар болсақ, доцент Гульнара Дюзельбаева «Банк ісі» бойыншы оқу әдістемесін шығарды.

Сондай-ақ, кафедраның ұстаздық профессорлық құрамы өздерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында отандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарында білім алуда.

Кафедра қызметкерлері Ғалия Исмуратова мен Жанна Кульчикова «Аграрлық білімнің халықаралық академиясының» академиктері.

2016 жылы жоғарғы оқу орны «Кәсіби есепшілердің біліктілігін арттыру орталығы» ЖШС-мен келісімшартқа отырды. Нәтижесінде қазіргі уақытта кафедраның «Фирма бухгалтері +1С» білім беру лабораториясы «ҚР кәсіби есепшісі» атағына сертификаттаудан өтуге үміткерлерді дайындауда, кәсіби бухгалтерлердің біліктілігі арттыру бойынша, және «1С-бухгалтерия» курстарын өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тәжірибе өту орындары

  • «Қарабатыр» Агрофирма» ЖШС
  • «Автоспецсервис» МД» ЖШС
  • «Ақ Бидай» ЖШС
  • «Цеснабанк» АҚ ҚФ
  • «Сбербанк России» АҚ ҚФ
  • «Данк» ЖШС
  • «Алтын Аят» ЖШС
  • «Приора» ЖШС
  • «Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру орталығы» ЖШС
  • «МИЛХ («Новый день» сауда маркасы)» ЖШС
  • «Қостанайдың кәсіби әуежайы» АҚ және тағы басқалар

Әріптестер

«Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру орталығы ЖШС, «Қарабатыр» агрофирмасы» ЖШС, «Қостанайдың халықаралық әуежайы» АҚ, «Автоспецсервис МД» ЖШС кафедрамен бірлесе отырып білім бағдарламалары құру және келісу бойынша, өзекті лекциялар оқу, «Есеп мектебі» бағдарламасымен курстар жүргізу, дөңгелек үстелдер мен шеберлік сыныптарын өткізу бойынша жұмыстар жүргізеді. .

Мамандықтар

Есеп және қаржы кафедрасы шығарушы кафедра болып табылады, және Міржақып Дулатов атындағы ҚИнЭУ экономикалық факультеті құрамына кіреді. Және жоғары білім берудің кәсіби білім беру бағдарламасын мына пәндер бойынша өткізеді:

– 5В050800 – Есеп және аудит:

«Экономиканың шынайы секторындағы есеп және аудит»

«Экономиканың қоғамдық секторындағы есеп және аудит»

– 5В050900 – Қаржы:

«Банк ісі»

«Салық және салық салу»

Білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды дайындауда кафедра Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрілігінің бұйрығым бекітілген лицензиялар бойынша жүзеге асады.

Білікті мамандарды дайындау тәрбие жұмыстарымен байланыста өтеді. Патриотизмді тәрбиелеу, Отанға деген махаббат, ұлтжандылық, берілген іске деген үлкен жауапкершілікпен қарау да тәрбиеленеді.

Қаржы және есеп кафедрасының мақсаты – қоғам және бизнестің талаптарына жауап беру арқылы, өңірдің инновациялық дамуы үшін есеп және қаржы саласында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау, сонымен қатар кәсіпкерлік ойлай білуді қолдап, дамыту арқылы халықаралық және ұжымдық байланыстарды нығайту.

Міндеттер

  • Кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білім беру сапасымен қамтамасыз ету
  • Білім беру, ғылым және бизнесті біріктіру жолында білім беру бағдарламаларын түрлендіру
  • Білім беру бағдарламаларын басқару жүйесін дамыту
  • Мемлекет қызығушылығына орай жастардың әлеуетін дамыту және жүзеге асыру

МЕҢГЕРУШІ

Сарсембаева Гульмира Бутановна
кафедра меңгерушісі

КАФЕДРА ҚҰРАМЫ

Кульчикова Жанна Тельмановна
экономикалық ғылымдар докторы, профессор

Дюзельбаева Гульнар Маликовна
экономикалық ғылымдар кандидаты, доцент

Джукеева Куляш Каламбековна
экономикалық ғылымдар кандидаты, доцент

Сыздыкова Гульбахит Аждаровна
менеджмент магистранты, аға оқытушы

Хамбар Бахыткуль
экономикалық ғылымдар кандидаты, доцент

Кадырова Гульмай Токтаровна
аға оқытушы

Халитова Алтын Галимжановна
экономика магистры, аға оқытушы

Галия Суиндиковна Исмуратова
экономикалық ғылымдар докторы, профессор

Михайлова Ольга Викторовна
аға оқытушы

Абилкаирова Роза Адильбековна
аға оқытушы

Байкенова Айгуль Еркебулановна
аға лаборант