Кафедра тарихы

Кафедра ақпараттық технологиялар, автоматтандыру және басқару саласында мамандарды 2004 жылдың 1 қыркүйегінен бастап дайындайды және М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің инженерлік-технологиялық факультетінің құрылымдық бірлігі болып есептеледі.

5В070200 – Автоматтандыру және басқару, 5В070300 – Ақпараттық жүйелер, 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша техника және технология бакалаврларын шығарады. Білім беру күндізгі және сырттай тұрғыда жүзеге асады. Білім күндізі форма бойынша да беріледі, оның ішінде қашықтан оқу жүйесі де бар: орташа білім негізінде 4 жылдық негізгі, колледж жүйесінде 3 жыл және екінші жоғарғы білім жүйесінде 2 жыл.

Мақсаттар

М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ 2014-2020 жылдарға арналған даму стратегиялық жоспарына және инженерлік-технологиялық факультетінің жылдам жоспарына сәйкес ақпараттық технологиялар және автоматтандыру кафедраның мақсаты:

  • Жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берумен қамтамасыз ету;
  • Білім, ғылым және бизнесті байланыстыру жолымен университетті әлеуметтік-кәсіпкерлік жоғарғы оқу орнына айналдыру
  • Біліми, ғылыми және тәрбие жұмыстарын әлемдік білім беру жүйесіне сәйкес тұтынушыларды қамтамасыз ететін білім беру қызметімен қамтамасыз ету.

Кафедраның мұғалімдік-профессорлық құрамының негізгі мақсаты өз қызметінде инновациялық білім беру бағдарламалары мен зерттеу нәтижелеорін пайдалана отыры, кәсіпкерлік ортаны құру және қолдау болып есептеледі.

Материалдық-техникалық база

Кафедрада жақсы материалдық-техникалық база және білім беретін ұстаздық құрам бар. Бұл студенттерге кәсіби жоғары сапалы білім беріп, телекоммуникация және басқару жүйесі, технологиялық үрдістерді автоматтандыру, ақпараттық технология және өндірістік бағдарламалау саласында маман атануға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технология және автоматтандыру кафедрасында технологиялық үрдістерді автоматтандыру бойынша лабораториялық стендтерді құратын жобалық топ жасалып, Овен (Мәскеу қаласы) компаниясымен жоғары оқу орынының бағдарламасы аясында келісімшартқа қол қойылды. Онда оқу үрдісіне арналған құрылғына жеткізуге арнайы шарттар бар.

Кафедра аккредиттелген білім және ғылым ұйымдарымен келісімшартқа отырған. Олардың қатарында «Южно-Уральский государственный университет» (Челябі, Ресей), «Московский государственный областной гуманитарный университет», Мәскеу, Ресей, «УчТехТранзит» (Челябі, Ресей), «Магнитогорский государственный технический университет» (Магнитогорск, Ресей), «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті», «М.Тынышпаев атындағы транспорт және коммуникация Қазақ академиясы» (Алматы), Қазақ қатынас жолдары Университеті, Еуразиялық инновациялық университет (Павлодар) және т.б. алыс және шетел университеттері бар.

«Энергетикалық менеджмент және автоматтандырылған технологиялық үрдістер» білім беру бағдарламасы Еуропалық «Қазақстан және Түркіменстан жоғарғы оқу орындарында қашықтан оқыту негізінде «Энергетикалық менеджмент» білім беру бағдарламасын құру және дамыту» жобасының негізінде дамыды. Ол бойынша кафедрада Кәсіпкерлік университеті (Билефельд, Германия), Қолданбалы ғылым университеті (Йоаннеум, Грац, Австрия), Каунас КУТ Техникалық университетімен (Дюссельдорф, Германия) келісімшарттар бар.

Кәсіби тәжірибе

Кафедрада бакалавриат мамандықтары бойынша типтік білім беру жоспарларымен білім, өндірістік, технологиялық және өндірістік диплом алды тәжірибеден өту қарастырылған. Тәжірибенің барлық түрлерінен өту үшін арнайы бағдарламалар мен профильдік кәсіпорындармен келісімшарттар бар. Олардың қатарында «Костанайтранстелеком» АҚ, «Казахтелеком» АҚ ҚФ, «Агромашхолдинг» АҚ, «Сары-Арка» ЖШС, «НК КТЖ Костанайское отделение дороги» АҚ, «КазАвтоматика» АҚ, «Костанай-Су» АҚ, Қостанайлық уәкілдік «Институт развития электроэнергетики и энергосбережения» (Казахэнергоэкспертиза) АҚ, «Лидер-2» ЖШС Қостанай филиалы, «ССГПО» АҚ, «Монтаж ЛТД» ЖШС, «Энергетик-3» ЖШС, «БТ — Энерго» ЖШС, «Казахстанский центр модернизации развития жилищно-коммунального хозяйства» ҚФ АҚ, «СофтИнтеграция» ЖШС, «IT-Consalting» ЖШС, «Компания Expert» жеке кәсіпкерлік, «Intelligent Decision Group» ЖШС, «1С Сапа» ЖШС, «Logyсom» ҚФ ЖШС, «Байконырат» ЖШС, «ПКФ АЗИЯ-ВЕК» ЖШС, «СТП Феникс» ЖШС, «Позитив» жылдам полиграфия студиясы бар.

«АРТЕСН-КИнЭУ» Халықаралық ғылыми-білім беру орталығының компьютерлік технологиялар Aptech Arena Multimedia білім беру орталығы және М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ жанындағы 1С сертификатталған фирма оқыту базасында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылған.

Біздің түлектер

Біздің түлектер телекоммуникациялық компанияларда, энергетикалық кешен компанияларында, ҚТЖ кәсіпорындарында, консалтингтік және компьютерлік фирмаларда, жарнамалық және баспа компанияларында, банктер мен сақтандыру компанияларында, салық және кеден жүйесінде, қаржылық және мемлекеттік құрылымдарда, Қостанай облысы мен Қазақстанның ірі өндірістік кәсіпорындарында, жергілікті әкімшілік органдарында жұмыс істейді.

Кафедраның есебінде 9 түлектер шығарылымы бар, біздің түлектердің мансабы мен жұмыс істеу географиясын университет пен кафедра мұғалімдері мақтан тұтады.

Мыңнан астам біліктілігі жоғары мамандар Қазақстанда, Ресейде, Германия, АҚШ және т.б. елдерде жұмыс істейді. Түлектердің арасында «Қостанайтранстелеком» АҚ орындаушы директорының орынбасары Сон.Д.А., «Транстелеком» АҚ басшысы Забавко В.А., «Қазаэронавигация» кәсіпорынының инженері Хасенов А.А., «Тенгизшевройл» ЖШС техникалық қызмет инженері Райымбек Б., «Казахтелеком» АҚ ҚФ бас инженерінің орынбасары Макаров А.М. секілді мамандарды ерекше атап өтуге болады.

Кафедра бакалаврларды келесі бағыттар бойынша дайындайды:

5В070200 Автоматтандыру және басқару

Оқыту бағдарламалары:

  • Телекоммуникациялар және басқару жүйесі
  • Технологиялық үрдістер мен өндірістерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі

5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету

Оқыту бағдарламалары:

  • Инженерия мен басқарудағы ақпараттық технологиялар
  • Ақпаратты қорғау мен жүйелік бағдарламалау

5В070300 Ақпараттық жүйелер

Оқыту бағдарламалары:

  • Банктік және қаржылай қызметтегі ақпараттық жүйелер
  • Дизайн мен жарнама бизнесіндегі ақпараттық жүйелер

МЕҢГЕРУШІ

Куат Муратович Жунусов
экономикалық ғылымдар кандидаты., Ph.D. - Technical Sciences

КАФЕДРА ҚҰРАМЫ

Агдавлетова Айслу Адильхановна
аға оқытушы, магистр

Герауф Инна Ивановна
аға оқытушы, магистр

Жуат Муратхан
доцент, техникалық ғылымдар кандидаты

Классен Юрий Владимирович
доцент, техникалық ғылымдар кандидаты

Кусембаев Салимжан Хаирович
доцент, техникалық ғылымдар кандидаты

Мадин Владимир Анатольевич
аға оқытушы, магистр

Молдабекова Анара Жасаевна
аға оқытушы, магистр

Муслимов Николай Муслимович
доцент, техникалық ғылымдар кандидаты

Сарбасова Алия Жаксыбаевна
аға оқытушы

Рыспаева Асель Куанышевна
аға оқытушы, магистр

Тлеуова Анастасия Асхатовна
доцент, техникалық ғылымдар кандидаты

Кужукеева Разия Талгатбековна
аға лаборант

Будин Константин Геннадьевич
оқу шебері