Мемлекеттік гранттар

Қостанай инженерлік-экономикалық университетіне мемлекеттік грантпен, жергілікті атқарушы ұйымдар грантымен, ректор грантымен оқуға түсуге болады.

  • Республикалық бюджет есебінен білім гранттарын тағайындау конкурсына өтінімдер қабылдау – 18-26 шілде аралығында жүзеге асады.
  • Республикалық бюджет есебінен білім гранттарын тағайындау конкурсы – 27 шілде – 5 тамыз аралығында болады.
  • Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтінімдер қабылдау – 5 – 10 тамыз аралығында жүзеге асады.
  • Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен білім гранттарын тағайындау конкурсы – 11 – 15 тамыз аралығында өтеді.

Біздің университетке мемлекеттік грант бойынша келесі мамандықтар бойынша түсе аласыз:

Агрономия 5В080100


Автоматтандыру және басқару  5В070200


Машина құрастыру  5В071200


Көлік, көлік техникасы және технологиясы 5B071300


Электроэнергетика 5В071800


Есеп техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету  5В070400


Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру 5B090100


Аграрлық техника және технология 5В080600


ҚИнЭУ ректоры гранттары

Мемлекеттік гранттардан бөлек әр оқу жылында ҚИнЭУ ректорының 10 гранты беріледі.

Екі алтын грант –  университеттегі алғашқы оқу жылына 100 %жеңілдік
Алтын грант байқауына ҰБТ сертификатында 100 баллдан артық алған абитуриенттер қатыса алады.
Төрт күміс грант – Университеттегі алғашқы оқу жылына 75%  жеңілдік. Күміс грант байқауына ҰБТ с ертификатында 80-нен 99 балға дейінгі көрсеткіші бар абитуриенттер қатыса алады.
Төртқола грант – Университеттегі алғашқы оқу жылына 50% жеңілдік.
Қола грант байқауына ҰБТ сертификатында 60 тан 79 балға дейінгі көрсеткіші бар абитуриенттер қатыса алады.

Сонымен қатар біздің студенттерге түрлі жеңілдіктер қарастырылған:

10% жеңілдік:

– ерекше үлгідегі аттестат пен үздік дипломы бар күндізгі және сырттай бөлім абитуриенттеріне (жеделдетілген бойынша оқитындардан басқа) – алғашқы оқу жылына;
– оқу жылын үздік бағамен аяқтаған күндізгі бөлім студенттеріне әрбір келесі оқу семестріне;
– «Спорт шебері», «Спорт шеберіне үміткер» атағы бар студенттерге – барлық оқу жылы бойына;
– Бір отбасыдан шыққан, күндізгі оқу бөлімі студенттеріне  (2 немесе одан да көп) — бірігіп оқыған жылдарына беріледі.

20% беріледі:

– «ҚИнЭУ колледжі» студенттеріне (күндізгі оқу бөлімі) алғашқы оқу жылына беріледі.

50% жеңілдік: :

– Жетім балаларға, ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға барлық оқу жылы бойына беріледі.