Сабит Борисович Исмуратов

Ректор блогына қош келдіңіз!

М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті Қостанай облысындағы алғашқы мемлекеттік емес жоғарғы оқу орны. Біздің университетіміздің тарихы соңғы 20 жыл аралығын қамтиды және сол жылдар бойы студенттерге бәсекеге қабілетті білім беруге тырысып келеміз. Заманның талабына сай болу үшін ҚИнЭУ өз алдына Қазақстанның үздік кәсіпкерлік жоғарғы оқу орындарының бірі болу міндетін қойды. Осы бағыттағы алғашқы қадамдар да жасалып, бүгінгі таңда тек қана мамандарды ғана емес, бизнесте қабілеттері зор жастарды шығарып келеді. Бұл блог біздің студенттермен, түлектермен, серіптестер мен ҚИнЭУ-ге енді түспекші абитуриенттермен белсенді сұхбат алмасатын алаңға айналады деп үміттенемін. Өз кезегімде, мен сіздермен университет өмірінде болып жатқан ең көкейтесті тақырыптар мен оқиғалармен бөлісуге және сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.

Университет ректоры, экономика ғылымдары докторы, профессор Сәбит Есмұратов

ПИСЬМО РЕКТОРУ