Ректор блогы
Photo Фотоальбом Колледж КИнЭУ тарих
Студенческая весна-2017

Tempus

КИнЭУ в Вконтакте

Одноклассниках

КИнЭУ на YouTub'e

КИнЭУ в Twitter'e

КИнЭУ в Instagram'e

Университет
Білім беру бағдарламалары
Факультеттер
Сіздер үшін
Біздің қызмет
Ғылым
Халықаралық ынтымақтастық
Кәсіпкерлік университет

Инженерлік-технологиялық факультеті

Комаров Денис Николаевич
Телефон: +7 (7142) 28-13-99
        Должность в КИнЭУ: Декан инженерно-технологического факультета
Факультет жайлы

Факультет 2012 жылғы 27 тамызында «Машина жасау және көлік» және «Агротехнология мен энергетика» екі факультеттің бірігу нәтижесінде құрылды. М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті – жоғары кәсіби білім берудің жеке білім беру мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. ИТФ дәстүрлі және дистанциондық оқыту технологияларын пайдалана отырып, күндізгі және сырттай оқу формалары бойынша жоғары білім берудің 13 бағдарламасын іске асырады.

2011 жылы екі білім беру бағдарламасы халықаралық аккредитациядан өтті.

Факультет мынадай бакалавриат мамандықтарын даярлауды жүргізеді:

  • 5В080100 «Агрономия»;
  • 5В070200 «Автоматтау және басқару»;
  • 5В080600 «Аграрлық техника және технология»;
  • 5В070400 «Есептеу техникасы мен бағдарламамен қамтамасыз ету»;
  • 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»;
  • 5В090900 «Логистика»;
  • 5В071200 «Машина жасау»;
  • 5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»;
  • 5В012000 «Кәсіби оқыту»;
  • 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология»;
  • 5В071300 «Көлік, көліктік техника және технология»;
  • 5В071700 «Жылу энергетика»;
  • 5В072800 «Өндеу өндірістерінің технологиясы».

Инженерлік-технологиялық факультеті жоғары ғылыми-педагогикалық деңгейдегі профессорлық-педагогикалық құрамымен жинақталған. Факультеттің материалдық-техникалық базасы 30 зертхана мен 14 мамандырылған кабинеттерден тұрады, олардың барлығы қажетті стендтер, плакаттар, әдістемелік әзірлемелерімен, сондай-ақ заманауи зертханалық құрал – жабдығымен жабдықталған.

Инженерлік-технологиялық факультеті Қостанай қаласы және Қостанай облысының жетекші кәсіпорындарымен, ұйымдарымен  бірлесіп қызмет атқарады, әсіресе:

  •  «Қостанай жолдар бөлімі» ҚТЖ ҰК» АҚ;
  • «Агромашхолдинг» АҚ  ҚФ;
  • «СарыаркаАвтопром» АҚ;
  • «УралЛТД» ЖШС;
  • «Иволга-Холдинг, Агротехмаш» ЖШС;
  • «Бобруйсксельмаш» ААҚ;
  • «Титан» ТЭК ЖШС;
  • «ҚТЭК МКК »;
  • «Казэлектромонтаж, РЭС»;
  • «Казахтелеком» АҚ;
  • «Транстелеком» АҚ;
  •  «НаЦЭкС» АҚ ҚФ;
  • «МИЛХ» ЖШС;
  • «ДЕП» ЖШС;
  • «Агроэксперт» ЖШС;
  • «Аском и К» ЖШС;
  • «Космис» ЖШС.

Сондай-ақ, факультетте профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына үлкен көңіл бөлінеді. Факультте «Спорт шеберінің кандидаты», «Спорт шебері» атағы бар студенттер оқиды, олар еліміз бен облысымыздың құрамасына енеді.

 

Кафедралар тізімі
 
✓ Ғылыми қызметі

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласын бақылау жөніндегі комитетімен бекітілген журналдарда 7 басылымы бар. Халықаралық және республикалық ғылыми және ғылыми-әдістемелік конференцияларда, семинарларда қатысты. Ғылыми зерттеулерінің тақырыбы – жанармайдың балама түрлерін пайдалану, экономикалық тиімділігі.