Университет
Факультеттер
Сіздер үшін
Біздің қызмет
Ғылым
Халықаралық ынтымақтастық
Кәсіпкерлік университет

Сырттай және дистанциондық оқыту факультеті

Исмуратова Галия Суиндиковна
Исмуратова Галия Суиндиковна
Телефон: 8 (714 2) 28-01-38, 39-03-10
E-mail: do_ismuratova@kineu.kz
  Учёная степень: доктор экономических наук
Учёное звание: профессор кафедры «Учет и аудит»
Должность в КИнЭУ: Декан факультета дистанционного обучения
 
Факультет жайлы

Факультет М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Факультетте дәстүрлі және дистанциондық оқыту технологияларын пайдаланумен күндізгі және сырттай оқу формалары бойынша жоғары білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады.

Біз дамудамыз!

Факультет үнемі дистанциондық білім беру технологияларын жетілдіруде жұмыс істеді: web-CT платформасына жойылған қол жетімділігімен тұтас курстарын әзірлейді, вебинарлар, бейнеконференц байланысы, автоматтандырылған аралық білімді бақылау,  E-Learning 2.0 технологиясы арқылы оқытушымен өзара әрекет ету технологиялары өнделеді.

Дистанциондық форма бойынша оқыту процесін сүйемелдеу үшін факультет құрамында Дистанциондық оқыту орталығы ұйымдастырылды, орталық құрамына ақпараттық-коммуникациялық орталықтары енеді.

Дистанциондық білім беру технологияларын қолданумен оқыту процесін табысты ұйымдастыру үшін мыналар дайындалды, табылды, әзірленді және табысты қолданылды:

  • Білім алушылар үшін мазмұнында оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараты бар беттерімен білім беру Интернет-порталы;
  • Ғаламторға шығу жабдығы;
  • Бас құрылымындағы мультимедиялық сыныптар және университеттің ақпараттық-коммуникациялық орталықтары;
  • CD, DVD дискілерінде оқу контенті;
  • Тестілеу кешені;
  • Тиісті дайындықтан өткен профессорлық-оқытушылық, оқу-көмекші және техникалық қызметкерлер;
  • Оқытуды басқарудың желілік жүйесі (LearningManagementSystems – LMS);
  • Оқу контентімен басқару жүйесі (Learning Content Man-agement Systems – LCMS).

Сырттай және дистанциондық білім беру факультеті – болашақ кеңестігі, онда сіздердің армандарыңыз іске асады.

Ақпараттық-коммуникациялық орталықтарының тізімі

Арқалық қаласы: Жанибек көш. 64, тел.:8 (714-30)7-05-86, 8 (714-2)39-03-76
Рудный қаласы:  Горький көш. 60, 113 кабинет, тел. 8 (714-31)4-91-42, 8 (714-2)39-03-96
Сарыкөл ауылы: Гагарин көш. 1, тел.: 8(714-51)2-31-67, 8 (714-2)39-03-79.
Ұзынкөл ауылы: Аблайхан көш.32, 111 кабинет, тел. 8 (714-44)2-45-53, 8 (714-2)39-03-98
Қарабалық ауылы: Гоголь көш. 6., 240 кабинет, тел. 8 (714-41)3-24-44, 8 (714-2)39-03-82

Жетекшісі жайлы
✓ Өмірбаян
  • Ауыл шаруашылық экономикасының ресейлік институтында күндізгі аспиратурасы, Мәскеу қаласы.
  • 2000 жылдан бастап экономикалық ғылымдарының кандидаты, 08.00.05 – экономика және халық шаруашылығын басқару (15. Экономика, кәсіпорынды, АӨК салалары мен кешендерін және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру және басқару) мамандығы.
  • М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі, доцент.
  • 2001 жылдан бастап Аграрлық білім берудің халықаралық академиясының корреспондент мүшесі (Мәскеу қаласы).
  • Ауыл шаруашылық экономикасының ресейлік институтының докторантурасы, Мәскеу қаласы.
  • 2005 жылдан бастап экономикалық ғылымдарының докторы, 08.00.05 – экономика және халық шаруашылығын басқару (15. Экономика, кәсіпорынды, АӨК салалары мен кешендерін және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру және басқару) мамандығы.
  • 2005 жылдан бастап М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің сырттай оқу факультетінің деканы.
  • 2011 жылдан бастап Аграрлық білім берудің халықаралық академиясының академигі (Мәскеу қаласы).
  • М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің профессоры, 2011 ж.
  • «Халықаралық аграрлық жоғарғы мектебінің еңбегі сіңген қызметкері», 2011 ж.
✓ Ғылыми қызметі

Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен шаруашылықтардың ұйымдық-құқықтық формаларын дамыту. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қаржылық жағдайын бағалау. Отбасы өндірісінің өңірлік экономикасы саласындағы маркетингтік зерттеулер (Қазақстан Республикасының Қостанай облысы шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша). Қостанай облысының кәсіпорындары үшін бизнес жоспарлау, жобалау-қаржы есебі құжаттамасын жасау. Жоғарғы және жоғарғыдан соң білім берудің бағдарламалары саласында марткетингтік зерттеулер, білім берудегі қызмет көрсетулер нарығын зерттеу. Заманауи білім беру технологияларын зерттеу және олардың Қазақстан Республикасының білім беру кеңістігіне бейімдеу.

«Евразия» халықаралық қоры және USAID қолдауымен «2010 жылға дейінгі кезеңге Қостанай облысының Лисаковск қаласын дамыту бағдарламалары мен стратегияларын бағалау» жобасының әзірлеушісі.

«Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын жекешелендіруді қолдау» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі мен Даму және Қайта құрудың Дүниежүзілік банкі арасында келісім бойынша несиелендіретін кәсіпорындар үшін бизнес жоспарлардың әзірлеушісі.

Темпус жобасының үйлестірушісі.

Зерттеу тақырыптары бойынша 90 жуық ғылыми басылымдарының авторы.