Университет
Факультеттер
Сіздер үшін
Біздің қызмет
Ғылым
Халықаралық ынтымақтастық
Кәсіпкерлік университет

Қамқоршылық кеңесі

Положение о Попечительском совете – КИнЭУ

Типовые правила »

М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті» ЖМ қамқоршылық кеңесі туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті» ЖМ қамқорлық кеңесі туралы ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2007 жылғы 22 қазандағы          № 501 бұйрығымен бекітілген  Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережесіне, университет жарғысына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық басқа да актілеріне сәйкес әзірленген.

2. «М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті» ЖМ қамқорлық кеңесі (бұдан әрі- Қамқоршылық кеңесі) университетті алқалық басқару формаларының бірі болып саналады. Қамқоршылық кеңесі білім беру саласында өзін-өзі басқарудың мемлекеттік-қоғамдық формаларын дамыту, университетте білім беру процесін дамытуды қамтамасыз ету, қаржы және материалды ресурстарын мақсатты түрде пайдалану, оқу-әдістемелік кешенін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту, сондай-ақ біліктілікті арттыру кезінде педагогикалық қызметкерлерге қаржы көмегін көрсету үшін қаржылай ресурстарын қосымша тарту мақсатында құрылады.

3. Өз қызметінде Қамқоршылық кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамасын, университет жарғысын, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

4. Қамқоршылық кеңесі университет әкімшілігімен, ата-ана комитетімен, жергілікті атқарушы органдарымен, мүдделі ведомстволарымен және басқа да ұйымдармен өзара әрекет жасайды.

5. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері өз функцияларын ақысыз негізінде орындайды.

 

2. Қамқоршылық кеңесінің құрамы, құрылымы және қызмет етуі

 

6. Қамқоршылық кеңес құрылтайшылар мен университетте оқып жатқан студенттердің ата-анасының бастамасымен жалпы жиналыста құрылды.  Қамқоршылық кеңес өз қызметін мүшелерінің тең құқылы, басқарма алқалығы, қабылданған шешімнің жария етуі, есеп кезеңділігі принциптері негізінде құрайды. Қамқоршылық кеңес білім беруді дамыту мәселелері бойынша басқару шешімдерінің жобасын әзірлеу үшін университет басқармасының басқа да органдарымен өзара әрекет жасайды.

7. Қамқоршылық кеңес құрамына енеді:

  1. университет ректоры;
  2. білім берудің, басқару органдарының басқа да өкілдері;
  3. жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер;
  4. қоғамдық ұйымдар, қорлар, бірлестіктердің өкілдері
  5. демеушілер.

 

8. Қамқоршылық кеңес құрамы 3 жыл мерзіміне сайланады. Қажеттілік болған жағдайда жалпы жиналыс шешімімен оның құрамына жаңа мүшелерді қабылдау, қажетті белсенділікті және жұмысқа деген қызығушылықты танытпаған тұлғаларды кеңес құрамынан шығару арқылы бөлек өзгертулер енгізіле береді.

9. Қамқоршылық кеңесінің бастығы Камқоршылық кеңес отырысында сайланған оның төрағасы болып саналады. Төраға Қамқоршылық кеңес атынан арнайы өкілеттіліксіз әрекет етеді, оны университет, мемлекеттік органдар мен басқа тараптар алдында таныстырады. Төраға Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастырып, оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес қамтамасыз етеді.

10. Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасарын Қамқоршылық кеңесі сайлайды.

11. Хатшыны Қамқоршылық кеңесі сайлайды және ол Қамқоршылық кеңесінің іс қағаздарын жүргізуіне жауап береді.

12. Қамқоршылық кеңес отырыстары оның жұмыс жоспарына сәйкес жылына бір рет өткізіліп отырады.  Жоспардан тыс отырыстары қажеттілік болған жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасының шешімі бойынша немесе Қамқоршылық кеңес мүшелерінің төрттен бір бөлігінің талабы бойынша өткізіледі.

13. Қамқоршылық кеңес отырыста кемінде жарты санды мүшелері болған жағдайда шешім қабылдауға құқығы бар. Қамқоршылық кеңес шешімі бар мүшелерінің көп дауысы арқылы ашық дауыс берумен қабылданады.

14. Қамқоршылық кеңесі қызметінің мақсаттары болып саналады:

  1. жарғылық қызметін жүзеге асыруда университетке көмегін көрсету;
  2. білім беру бағдарламаларын сәтті іске асыру мақсатында университеттің педагогикалық ұжымы мен оқып жүргендер үшін барлық қажетті жағдай жасау;
  3. қаржылай қолдауды қамтамасыз ету, университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту;
  4. университетті әрі қара дамытуды қолдау.

15. Қамқоршылық кеңес қызметінің негізгі бағыттары болып саналады:

  1. әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-шараларын өткізуде университетке көмегін көрсету;
  2. тәрбиелеу және оқыту саласында халықаралық ынтымақтастықты орнату және дамытуға көмек көрсету;
  3. білім алуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға және әлеуметтік әлсіз тұрғындары есебінен оқып жүргендерді жұмысқа тұрғызуға көмек көрсету;
  4. университет қызметінде кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу;
  5. білім беру қызметтерінің түрлерін және деңгейлерін өзгерту, соның ішінде қосымша, жобаланған бойынша ұсыныстарын қалыптастыру;
  6. инновацияны енгізуге, инновациялық қызметтің сараптамалық бағасын өткізуге көмек көрсету;
  7. Қамқоршылық кеңесінің сыйлық қорынан байқаулар, жарыстар, пәндік олимпиадалар мен басқа да сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру;
  8. шәкіртақы мөлшерін орнату және оны оқитындар үшін шәкіртақы туралы ережеге сәйкес қаржылай қамтамасыз ету (ереже Қамқоршылық кеңеспен келісілген болу тиіс).

 

 

3. Қамқоршылық кеңес қызметін тоқтату

16. Қамқоршылық кеңес қызметін тоқтау мыналар негізінде жүзеге асырылады:

  1. құрылтайшылар бастамасы бойынша;
  2. Қамқоршылық кеңесінің бастамасы бойынша;
  3. университетті тарату және қайта ұйымдастыру.

Состав попечительского совета Костанайского инженерно-экономического университета им. М. Дулатова

Председатель – Аскар Аронович Муратов, председатель Межгосударственного технического  комитета  по стандартизации  и обеспечения безопасности с/х продукции и продовольственного сырья на основе МС НАSSР (МТК 534)

Заместитель председателя – Сабит Борисович Исмуратов,   ректор КИнЭУ

Секретарь – Людмила Владимировна Ляховецкая,  учёный секретарь университета

Члены  Попечительского совета:

  1. Джантурин Марат Галиханович –  «Аском и К», директор.
  2. Ёлкин Владислав Николаевич – ТОО «Агрофирма «Парасат»», директор.
  3. Жаукин Марат Ерикбаевич – КФ АО «Цеснабанк», заместитель директора.
  4. Жолмухамедов Алмат Каерханович – ТОО «Автоспецсервис – МД», финансовый директор.
  5. Жумагулов Серик Аканович – ТОО «Baltik Control KZ» (Аккредитованная, испытательная лаборатория), региональный директор
  6. Загребельный Алексей Иванович – АО «Международный «Аэропорт «Костанай», главный бухгалтер.
  7. Карцев Юрий Владимирович – ГКП «Затобольская теплоэнергетическая компания», зам. директора по производству.
  8. Керибаев Темиркан Сарманович  – ГККП «Школа технического творчества акимата г. Костаная отдела образования акимата, директор.
  9. Левашкин Алексей Валерьевич – ТОО Сары-Арка Автопром, заместитель директора по производству.
  10. Лепетин Андрей Григорьевич – ТОО «СофтИнтеграция», директор.
  11. Нугуманов Алмабек Батыржанович – ТОО «Костанайский НИИ СХ», и.о. директора.
  12. Нурсеитов Азамат Есимович – ТОО «Агрофирма «Карабатыр», главный бухгалтер.
  13. Рахметов Талгат Жангельдинович – ТОО ПРЭКО консалтинг, директор.
  14. Решетова Светлана Николаевна – АО НАП по Костанайской области, руководитель.
  15. Сон Дмитрий Анатольевич – филиал «Костанайтранстелеком», заместитель управляющего директора.
  16. Сотников Сергей Николаевич – ТОО «Евраз Каспиан Сталь»,  исполнительный директор.
  17. Сухинин Петр Петрович – ОЮЛ «АСПреДКО», директор.
  18. Томилова Инна Николаевна – ТОО «Иволга Холдинг», начальник производственно-технической лаборатории.
  19. Шарипов Булат Махтаевич – Костанайской филиал РГП «Казахстанский институт стандартизации и сертификации», директор.
  20. Юревич Юрий Николаевич – Костанайское отделение дороги, первый заместитель директора.