Университет
Білім беру бағдарламалары
Факультеттер
Сіздер үшін
Біздің қызмет
Ғылым
Халықаралық ынтымақтастық
Кәсіпкерлік университет

“Энергетика және машина жасау” кафедрасы

Бедыч Татьяна Витальевна
Бедыч Татьтяна
Телефон: Приемная: 8(7412) 28-02-62
E-mail: tbedych@mail.ru
  Учёная степень: кандидат технических наук
  Должность в КИнЭУ: Заведующий кафедрой «Энергетики и машиностроения»
Образовательные программы
Мамандандыру және оларды сипаттау

Кафедра мынадай мамандықтар бойынша мамандарды даярлауды жүргізеді:

1. Жылу энергетикасы. Кәсіби қызметінің саласы техниканың құрамдас бөлігі ретінде жылу энергетикасы болып табылады, ол  жылуды пайдалану мен генерациясы, оның ағынын басқару мен түрлі қуат түрлерін жылуға жаңғырту үшін жасалған адамзат қызметінің әдіс-тәсілдерін, құралдарының жиынтығын қосады. Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері энергетикалық жүйелер мен кешендер; энергетикалық қондырғылар; түрлі пайдалануда бу және су жылыту қазандары; бу және газ турбиналары, қуат блоктары; қысылған және сұйылтылған газ өндірісі бойынша қондырғылар, компрессорлық, тоңазытқыш және криогенді қондырғылар, ауаны тазарту жүйесінің қондырғылары, жылу сорғылары; ағынды суды тазарту жүйесі мен кешендері, қондырғылары; азық-түлік өнеркәсібі суын пайдалану және дайындау бойынша қондырғылары, жүйелері мен кешендері; нормативтік-техникалық құжаттама және стандарттау жүйесі, жіберілетін өнім сапасын бақылау және құрал-жабдығын сынау тәсілдері мен құралдары.  5В071700 –Жылу энергетикасы мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің пәндері мыналар болып табылады: жылу электр станцияларының; өнеркәсіп және жылыту қазандық; электр тасушылар өндірісі мен таратуының; теплофикация мен жылу желілерінің;  су және отын дайындауының; жылу энергетикасы мен жылу технологиялары объектілерін автоматтандырылған басқарудың жүйелері. 5В071700 –Жылу энергетикасы мамандығы бойынша бакалавр кәсіби қызметінің мынадай түрлерін орындай алады: жобалау- жинақтау; өндірістік-технологиялық; зерттеу, құрастыру-жөндеу; ұйымдық-басқарушылық.

2. Машина жасау. Дәрежесі – машина жасау бакалавры.  Мамандық  металл өндеу технологиялары, құю және пісіру өндірісі, машина құрылысының технологиялар процестері мен технологиялық жабдығында, автоматтау құралдарын пайдаланумен инструменталды техникасында өндірістік қызметті ұйымдастыру; өнім дайындаудың тиімді технологиясын әзірлеу; материалдар сапасының кіріс бақылауын тиімді жүзеге асыру мен ұйымдастыру, технологиялық процестердің өндірістік бақылау дайын өнім сапасы; өндірістік процестерді іске асыру бойынша материалдар мен жабдығын пайдалану; шығаратын өнім және технологиялық процестерін стандарттау мен сертификаттауды өткізу; жобалаудың, математикалық, физикалық және компьютерлік модельдеудің заманауи әдістерін пайдалану үшін алған білімдерін қамтамасыз ету мәселелерін шешу бойынша бакалавр біліктілігінің маманын оқытуға бағытталған. Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері мыналар болып табылады: түрлі ұйымдық-құқықтық формаларының шаруашылық субъектілері мен мекемелері – ғылыми-зерттеу және жобалау-технологиялық мекемелер, машина жасау кәсіпорындары, жөндеу-механикалық зауыттары, машина жасау өнімін өткізу бойынша техникалық пен дилерлік орталықтары.  

3. Кәсіби білім беру. Дәрежесі – кәсіби білім беру бакалавры. 5В012000 – Кәсіби білім беру мамандығы бойынша бакалавриаттың түлектері кәсіби білім беру педагогы, еңбек мен кәсіпкерлік технологиясының мұғалімі, үйірме жетекшілері, орта және кәсіби мектептерде, колледждерде, лицейлерде жұмыс мамандықтар кешені бойынша арнайы технологиясының жалпы техникалық пәндерінің оқытушысы, жоғарғы және орта кәсіби білім беру жүйесінде өндірістік оқыту шебері қызметінде жұмыс істей алады.  Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа қызметкерлер лауазымы білікті анықтамасының білікті талаптарына сәйкес бакалаврлар бірінші санатты техник, кіші ғылыми қызметкері, инженер-лаборант, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, жинақтау және жобалау ұйымдарының инженері болып жұмыс өтілін талап етпей-ақ бастапқы қызметке тұруға мүмкіндігі бар. Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері білім беру процесімен байланысты ұйымдарда тұтас педагогикалық процессті жүзеге асыратын учаскілері мен құралдары: жалпы білім беру мектептері, лицейлер, гимназиялар; кәсіби техникалық мектептер, училищелер; орта арнайы оқу орындары, колледждер; жоғарғы оқу орындары; құрастыру бюролары; зауыт зертханалары; ғылыми-зерттеу ұйымдар; жинақтау және жобалау ұйымдар. Кәсіби қызметінің пәндері мыналар болып табылады: профильдер бойынша білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және өткізу; өнеркәсіп және басқа кәсіпорындарында оқу-тәрбие және өндірістік процестерін ұйымдастыру; білім алушылардың қатысуымен ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының білім беру жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес түлектердің академиялық дәрежесі – бакалавр.

Жетекшісі жайлы
✓ Өмірбаян

2002 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің инженерлік факультетін «Агротехникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша инженер-механик біліктілігін алумен тәмәмдады. М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде 2002 жылдың 02 қыркүйегінен бастап жұмыс істейді. «Машина жасау технологиялары» кафедрасында көмекші, аға оқытушысы, доценті болып қызмет етті. 2012 жылы «Энергетика және машина жасау» кафедрасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

✓ Ғылыми қызметі

2006 жылдың қазанында Т.С.Мальцева атындағы Қорған мемлекеттік ауыл шаруашылық академиясының «Машина бөлшектері» кафедрасына 05.20.01 – Ауыл шаруашылық механизациялау технологиялары мен құралдары мамандығы бойынша ізденуші болып бекітілді. 2009 жылдың 27 қарашасында Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті диссертациялық кеңесінің шешімімен 05.20.01 – «Ауыл шаруашылық механизациялау технологиялары мен құралдары» мамандығы бойынша техникалық ғылымдар кандидатының ғылыми дәрежесі берілді. Ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша жиырма үш баспа жұмысы, соның ішінде ВАК ұсынған баспаларда сегіз мақала басылып шығарылды. Өнертабысына 2008 жылғы 16 маусымдағы № 19626 ҚР алдын ала патентін және 2009 жылғы ҚР инновациялық патентін алды.