Университет
Факультеттер
Сіздер үшін
Біздің қызмет
Ғылым
Халықаралық ынтымақтастық
Кәсіпкерлік университет

Академиялық жұмылдыру

1-ТАРАУ. Негізгі түсінік және жалпы талаптары

1.1     Студенттер, магистранттар мен оқытушылардың академиялық жұмылдыру туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже) Болон үрдісінің міндетті параметрлерін іске асыру мақсатында әзірленген.

1.2     Ұлттық білім беру оқу бағдарламаларын халықаралық тану, білім беру ұйымдары оқушылары мен оқытушыларының жұмылдыруын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және білім беру ұйымдарында барлық білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін оқытудың бірыңғай кредиттік технологиясы іске асырылады.

1.3     Ережеде мынадай негізгі түсініктер мен анықтамалар пайдаланады:

  • академиялық  жұмылдыру –- білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып, өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;
  •  академиялық  еркіндік – білім беру үрдісінің субъектілеріне оларды таңдау бойынша жиынтық пәндерден, оқытудың қосымша түрлерінен білім мазмұнын дербес анықтау үшін және білім алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің өкілеттіктер жиынтығы;
  • оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі – халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі;
  • екі дипломдық білім – екі тең бағалы диплом (Double Major) немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом (Major Minor) алу мақсатында екі оқу жоспары (білім беру бағдарламалары) бойынша параллельді білім алу мүмкіндігі;
  • Еуропалық трансферт (аударым) және несиелік жинақтау жүйесі (ECTS) –  білім беру траекториясы, оқу орны және оқыту елі ауысқан жағдайда білім алушылардың игерген оқу пәндерін (кредит мен бағаларын қоса алғанда) салыстыру және қайта сынақтан өткізуде пайдаланылатын білім беру бағдарламалары компоненттеріне (пәндер, курстар, модульдар) сынақ бірліктерін (несие) белгілеу әдісі;

1.4  Сыртқы (халықаралық) академиялық жұмылдыру дегеніміз шетел ЖОО-да университеттің студенттері мен магистранттарының оқуы, сондай-ақ шетел білім беру және ғылыми мекемелерінде университет оқытушылардың қызмет етуі.

1.5 Ішкі (ұлттық) академиялық жұмылдыру дегеніміз Қазақстанның жетекші ЖОО-да студенттер мен магистранттардың оқуы, сондай-ақ университет оқытушылардың қызмет етуі.

1.6 Академиялық жұмылдыруды қамтамасыз ету және іске асырудың жалпы ережелері, мақсаттары мен міндеттері Болон декларациясының негізгі принциптеріне сәйкес.

1.7  Академиялық жұмылдыруды іске асыру ережелері мен рәсімдері күндізгі бөлімдегі студенттер мен магистранттар, сондай-ақ университеттің штаттық оқытушыларына таралады.

1.8   Университет оқытушыларының сыртқы академиялық жұмылдыруы, әдетте, ҚР шегіне іс сапар түрінде, яғни Ректордың бұйрығы бойынша белгілі бір мерзімге дәріс оқу және семинар алу үшін баруы іске асырылады.

1.9    Жеке бару түрінде іске асырылатын академиялық жұмылдыру тек жыл сайынғы төленетін демалыс немесе еңбек ақысы сақталуысыз демалыс кезеңіне мүмкін.

1.10   Жоғары келтірілген формалардың бірінде іске асырылған студенттер мен магистранттар, оқытушылардың  академиялық жұмылдыруы ҚР Еңбек Кодексіне, «Білім туралы» Заңына және ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарына, Университет Жарғысы мен осы ережеге қарама-қайшы болмауы тиіс.

 

2-ТАРАУ.  Академиялық жұмылдыруды ұйымдық қамтамасыз ету

2.1  Академиялық жұмылдыруды іске асыру үшін негізгі мерзімі семестр немесе академиялық жыл болып табылады.

2.2. Академиялық жұмылдыруды қаржыландыру мыналардың есебінен жүзеге асыруға болады:

  • ұлттық жобалардың шеңберінде бөлінетін бюджеттік қаражаттар;
  • табыс әкелетін қызметтен алынатын қаражаттар;
  • жоғары және жоғары оқу орныннан кейінгі білім беруді дамыту мен қолдау қорының қаражаттары;
  • қабылдайтын тараптың қаражаттары, соның ішінде халықаралық ұйымдары мен жеке қор гранттары;
  • академиялық жұмылдыру қатысушыларының жеке қаражаттары.

2.3 Академиялық жұмылдыруды қамтамасыз ету  жұмысын басқаруды ректор, оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры, оқу басқармасы жүзеге асырады.

2.4 Академиялық жұмылдыруды ұйымдастыру жұмысын Халықаралық байланыс бөлімі және Оқу басқармасы (өз құзыреті шеңберінде) өткізеді.

2.5 Академиялық жұмылдыруды жүзеге асыру негізі шетел, қазақстандық университеттен немесе ғылыми орталықтан ресми түрдегі шақыру болып табылады.

2.6 Жеке білім беру жолын, академиялық және зерттеу бағдарламасын жоспарлайтын магистранттар (оқытушылар немесе қызметкерлер) мен студенттер ресми шақыру алған кезде кафедра басшысымен іссапармен кету мүмкіндігі бойынша келісіп, оң шешім алған соң факультет даканатына қызметтік хат жазу арқылы өтініш етуі тиіс.

2.7 Қызметтік хатта себебі, іссапарға шығу мақсаты, баратын жері, іссапар мерзімі (бағыты), үміткердің тегі, аты, әкесінің аты, оның қызметі және барып-келу көлік шығындары, үй жалдау бойынша шығындар және бір күндік шығындарын төлеудің көздері көрсетілуі тиіс. Қызметтік хатқа шақыру билеті және оның орыс тілінде куәландырылған аудармасы, іссапардың (жолдаманың) мақсаттылығын растайтын және барудың қаржылық жағын белгілейтін басқа да құжаттар.

2.8 Университтетің орталықтандырылған қаражатынан қаржыландыру жағдайында деканның колымен қызметтік хаты ректорге беріледі.

2.9   Іссапарды (жолдаманы) рәсімдеу және іссапардан (жолдамадан) қайту жөніндегі есеп тапсыру университеттегі белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

  3-ТАРАУ Оқушылардың академиялық жұмылдыруын іске асыру механизмі

3.1 Білім алушылардың өз еркімен басқа ЖОО (ел ішінде немесе шетелде) таңдап,  оқу үшін пәндердің тізімін белгілеп, бағдарлама үйлестірушісіне өтініш жасауға мүмкіндігі бар.

ЖОО-дағы академиялық жұмылдыру бағдарламаларын үйлестіру халықаралық ынтымақтастық басқармасы (бөлім) және /немесе офис тіркеушісі жүзеге асырады.

3.2 Білім алушылар өтінішінің негізінде бағдарлама үйлестірушісі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) келісімі бойынша  басқа ЖОО ынтымақтастық жөнінде келісім шартын жасауды ұйымдастырады.

Сонымен қатар серіктес ЖОО және оның білім беру бағдарламалары өз елінде аккредитацияланған болу және аккредитацияланған білім беру ұйымдары мен аккредитацияланған білім беру бағдарламаларының реестіріне енгізілуі тиіс.

Ішкі академиялық жұмылдыруды қамтамасыз ету, білім беру және материалдық-техникалық, ақпараттық және зияткерлік ресурстарын пайдалануды оңтайландыру үшін Ұлттық университеттердің консорциумы құрылады, оның мақсаты келісім шарт негізінде бірлескен білім беру бағдарламаларын және ғылыми зерттеулерін іске асыру болады.

Ішкі академиялық жұмылдыру Тараз декларациясының қол қоюшы ЖОО арасында қамтамасыз етіледі.

3.3  Содан соң серіктес ЖОО ресми түрдегі шақыру негізінде білім алушылар жеке оқу жоспарын құрап, оны кафедра және/немесе факультет деканатымен келісіп жасайды.

3.4  Білім алушылар бұдан соң бағдарлама үйлестірушісіне өтініш береді: шығу мақсатын көрсетуімен себебін, бару орнын, мерзімін, курсын және оқу тілін, мамандықтарын, қаржыландырудың болжамданған көздерін нақты жазады.

Өтінішке кафедра жетекшісінің жазба түріндегі ұсынысы, оқуға алу жөніндегі серіктес ЖОО жазбаша растауы, жеке оқу жоспары және сынақ кітапшасының көшірмесі қоса беріледі.

3.5 Содан соң бағдарлама үйлестірушісі білім алушылардың арасынан байқауды өткізу бойынша комиссиясының жұмысын ұйымдастырады.

Байқауға іріктеудің негізгі критерийлері өз ЖОО-да бір академиялық мерзімін аяқтау, үлгерімі A», «A-», «B+», «B», «B-», шет тілін еркін меңгеру (мүмкіндігінше шет тілінен тест тапсыру сертификатының болуы) болып табылады.

3.6 Бағдарлама үйлестірушісі байқаудан өткен білім алушылар мен жіберетін, қабылдайтын ЖОО арасында үш жақты келісім жасауды ұйымдастырады. (1-қосымша).

Ұлттық компания, әлеуметтік серіктестіктер қаражатының есебінен оқуға жолдама берілген жағдайда төрт жақты келісім жасалады.

Келісімде білім алушының жеке мәліметтері (Т.А.Ә., жіберетін ЖОО, ел), оқудың нақты белгілері (қабылдайтын ЖОО, ел), жеке оқу жоспары: қабылдайтын ЖОО оқу үшін таңдалған пән кодын көрсетуімен пәндер тізімі, қабылдайтын ЖОО кредиттер саны (кредиттердің ұлттық жүйесінің бар болған жағдайда), ЕСТS кредиттер саны, оқу немесе өндірістік тәжірибеден өту мерзімі, оқу семестрлері көрсетілуі қажет.

3.7  Академиялық жұмылдыруды қаржыландыру мынадай көздер есебінен жүзеге асуы мүмкін:

– республикалық бюджет қаражаты;

– ЖОО бюджеттен тыс қаражаттары;

– ұлттық компания, әлеуметтік серіктестер, халықаралық қорлардың гранттары;

– білім алушының жеке қаражаттары.

3.8 Білім алушылар қабылдаушы ЖОО сол оқу орынның ережелеріне сәйкес қабылдаудың әкімшілік рәсімдерден өтеді.

3.9 Қабылдаушы ЖОО келуінен соң білім алушылар өз ЖОО-да транскипт және аванстық есеп (республикалық бюджет, ЖОО қаражат есебінен оқыған жағдайда) береді.

Транскипт негізінде ЕСТS типі бойынша кредиттердің қайта сынаудың қазақстандық жүйесіне сәйкес білім алушыға кредиттердің міндетті қайта сынақтауы жүзеге асырылады.

3.10 Оқу жылының қорытындысы бойынша ЖОО Министрлікке академиялық жұмылдыру бағдарламасы бойынша білім алушылар және серіктес ЖОО, оның аккредитациясы жөніндегі мәлімет, білім беру бағдарламалары және олардың қызмет мерзімдері туралы мәлімет береді.

 

4-ТАРАУ. Академиялық жұмылдырудың ақпараттық қамтамасыз етуі

4.1. Сыртқы академиялық жұмылдыруды ақпараттық қолдау жөніндегі жұмысты басқару ҚИнЭУ-дің халықаралық байланыстар бөлімі (ХББ) және оқу басқармасы (ОБ) іске асырады.

4.2. ОБ университет желісіне тиісті ақпаратты орналастыра отырып, халықаралық ынтымақтастықтың жағдайы туралы факультетке ақпарат береді.

4.3.  ХББ шетелдік серіктес ЖОО (веб-сайт мекен-жайын көрсетуімен) және ҚИнЭУ-дің білім алушылары мен қызметкерлеріне қол жетімді формаларында академиялық алмасу бағдарламаларының бары туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді.

4.4. ХББ серіктестік туралы келісім шарт шеңберінде алмасқан академиялық бағдарламалар бойынша байқау өткізуді ұйымдастырады.

4.5.  Сыртқы академиялық жұмылдыруды ақпараттық қолдау жөніндегі жұмысты басқару ҚИнЭУ-дің оқу басқармасы жүзеге асырады.

4.6.  ОБ университет желісіне тиісті ақпаратты орналастыра отыру немесе нақты сол факультетке ақпараттық хабарлама жіберіп, қазақстандық ЖОО-мен жүйелік өзара әрекеттесу жағдайы туралы факультетке ақпарат береді.

4.7. ОБ қол жетімді формада өзара әрекеттесу жүйесіне енген қазақстандық ЖОО, сонымен қатар, инновациялық білім беру бағдарламаларын (электрондық ресурстарының мекенжайларын көрсетумен) іске асыратын ЖОО және академиялық алмасуларға бар мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастыруды қамтамасыз етеді.

4.8. Академиялық жұмылдыру бағдарламаларына байқау жариялау факультеттің хабарландырулар стендінде, сондай-ақ ҚИнЭУ желілерінде орналасады. Хабарландырулар барлық рәсімдерге қатысты, міндетті шарттар, мерзімдер, үміткерлерді іріктеу органдары мен критерийлері туралы және т.б. қосымша ақпарат көздеріне сілтемесіз ақпаратты енгізу тиіс.

4.9. Оқу жылының қорытындысы бойынша ОӘҚ Университеттің студенттері, аспираттары, оқытушылары мен қызметкерлерінің академиялық жұмылдыру жағдайы туралы есеп дайындап, өз веб-сайтына орналастырады.

5-ТАРАУ. Университеттің студенттері мен магистранттарының академиялық жұмылдыруы

5.1 Студенттер мен аспираттардың жеке академиялық жұмылдыруы әдетте, оқудың нормативтік мерзімін арттыруына әкелмейді.

5.2. ҚИнЭУ студенттер мен аспираттардың жеке академиялық жұмылдыруын жүзеге асыру ерекше тәсілі оларды серіктес ЖОО мыналар үшін жолдау болып табылады:

  • екі дипломдық (дәреже) бірлескен бағдарламалар шеңберінде оқыту;
  • ЖОО аралық ынтымақтастық шеңберінде (екінші диплом берусіз), соның ішінде академиялық алмасу бағдарламалары шеңберінде енгізілген оқу;
  • сынақтан өту (соның ішінде тілдік)
  • оқу (зерттеу, өндірістік) тәжірибеден өту;
  • жазғы мектептерге (семестрлерге) қатысу.

5.3. Студенттер мен аспираттардың басқа ЖОО бару және олардың жеке бастамалары бойынша ұйымдастыру, әдетте жеке іссапар формасында іске асырылады.

5.4. Студенттерді іріктеу байқаудың ашық рәсімдер шеңберінде мүмкіндіктер тепе-теңдігіне, бар сіңген еңбегіне, қабілеттілігіне және қоғамдық қызметінің принципіне сәйкес өткізіледі. Есепке академиялық үлгерімі, қабылдаушы тараптың тіл білуі (немесе ағылшын тілі), бағдарламаға немесе алмасу туралы келісімге сәйкес алынады.

5.5. Академиялық жұмылдыру бағдарламасына қатысатын студенттер факультет және университеттің жұмылдыру жөніндегі үйлестірушісімен кеңесуден соң ол жеке оқу жоспарын қабылдаушы университетте оқитын пән атауымен, сондай-ақ таңдалған пәндердің ҚИнЭУ-дегі оқу жоспарының пәндеріне сәйкестігін көрсетумен құжаттарын тапсырады. Бұл құжатта студенттің пайда болған академиялық қарыздарды жою мерзімдері бойынша міндеттемелері болуы тиіс.

5.6. Жеке оқу жоспары алдын ала академиялық атағы рәсімі үшін негіз болып табылады, ол өз кезегінде, бұл оқу болашақта біліктілік алу есебінен саналатынын кепілі болып табылады.

5.7. Студенттер мен магистранттар қабылдаушы университетте оқу орынның ережелеріне сәйкес қабылданудың әкімшілік  рәсімінен өтеді.

5.8. Студентттер қабылдаушы университеттің келу рәсімінен өткен соң факультеттің жұмылдыру бойынша үйлестірушісіне оқытылған пәндердің атауын және басқа да оқу сабақ түрлерін, «Академиялық атақ туралы хаттамасын» дайындау үшін алынған кредиттер мен бағаларын куәландыратын академиялық анықтама (транскипт) ұсыну тиіс.

5.9. Пәндердің атағы мен қайта сынақтан өтуі өтілген пәндерді растайтын ресми құжаттардың толық жиынтығын ұсынудан соң өткізіледі.

5.10. Студенттің жеке оқу жоспарына қосымша пәндерді өту жағдайында ОБ және офис-тіркеуші жеке тәртіпте қайта сынақтан өту туралы шешімді қабылдайды, оқу пәндерін қайта тапсыру графигін құрастырады.

6-ТАРАУ. Университеттің оқытушылары мен қызметкерлерінің академиялық жұмылдыруы

6.1. Осы тараудың ережесі ҚИнЭУ оқу-көмекшілері мен әкімшілік-басқару қызметкерлеріне таралады.

6.2.  Факультеттің Ғылыми кеңесі оқытушылар мен қызметкерлердің академиялық жұмылдырудың жиынтық мерзімдері бойынша шектеулерін белгілеуге құқығы бар.

6.3. ҚИнЭУ оқытушылары мен қызметкерлерінің жеке академиялық жұмылдыруын жүзеге асыру ерекше тәсілі оларды серіктес ЖОО мыналар үшін жолдау және ұйымдастыру болып табылады

  • дәріс оқу, сабақ және кеңес өткізу;
  • бірлескен тақырыптар шеңберінде ғылыми жұмысына қатысу;
  • біліктілікті арттыру бағдарламасына қатысу;
  • шығармашылық демалыс кезеңіне сынақтан өту;
  • конференциялар мен семинарларға қатысу.

6.4. Ісасапардың мақсаты мен міндеттерін белгілейтін негізгі құжат техникалық тапсырма болып саналады. Техникалық тапсырмаға іссапарға жіберуші тұлға, кафедра меңгерушісі, құрылымдық бөлімшелердің басшысы, ОБ бастығы қол қояды және Университет Ректоры бекітеді.

6.5. Оқытушылар мен қызметкерлерді қызметтік іссапарға жолдау Ректор бұйрығының негізінде өткізіледі.

6.6. Оқытушылардың шетелге іссапарға бару кезеңіне оның оқу жүктемесін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес төлемақысымен басқа оқытушыға жүктеледі.

6.7. Басқа ЖОО оқытушылар мен қызметкерлердің бару және олардың жеке бастамалары бойынша ұйымдастыру, әдетте жеке іссапар формасында іске асырылады. Факультет әкімшілігі бұл жағдайда құжаттарды рәсімдеуге қолдау көрсете алады.

6.8.  Академиялық жұмылдыру шеңберінде оқытушы мен қызметкердің іссапар қорытындылары туралы есеп, сондай-ақ қорытындыларын енгізу туралы ұсыныстар ҚИнЭУ-дің кафедра және Ғылыми кеңесінің отырыстарында тыңдалады.

6.9. Оқытушы мен қызметкердің өз кінәсі бойынша құжаттардың тиісті рәсімделмеген түрінде шетелге кету жұмысқа себепсіз шықпау деп бағаланып, тәртіптік ықпал шараларына тартылады. Осы тармақ кезекті еңбек демалысы немесе еңбекақы сақталусыз демалысы кезеңіне шетелге шығу жағдайында таралмайды.

6.10. Академиялық жұмылдыру бағдарламаларына қатысу үшін проректорлар мен факультет декандарының іссапары туралы шешім ҚИнЭУ ректорымен қабылданады.

7-ТАРАУ. Ресей және ТМД елдері оқушылары мен қызметкерлерінің академиялық жұмылдыруы

7.1. Осы тараудың ережесі ҚР-на визасыз кіру құқығын пайдаланатын ТМД елдерінің  студенттері, магистранттары, оқытушылары мен қызметкерлеріне таралады.

7.2. Жұмылдыру туралы келісім және бағдарламалар шеңберінен тыс келген студенттерді, магистранттарды, оқытушылар мен қызметкерлерді қабылдау шақырушының жеке қаражат есебінен  жүзеге асырылады.

7.3. Өтініште ҚИнЭУ-мен ұсынылған пәндер саннан студент жұмылдырудың тиісті бағдарламасы шеңберінде оқуды қалайтын пәндері көрсетілуі тиіс.

7.4. ҚИнЭУ-ге алмасу тәртібінде келгісі және бағдарлама мен критерийлерге сәйкестігін көргісі келетін Ресей және ТМД елдерінің басқа университеттерінің студенттерінен өтініштерін белгіленген мерзімде қарау үшін факультет жауап береді.

7.6. Өтінішті қанағаттандырған жағдайда факультет өтініш берушіге қабылданған шешім туралы хабарлап, оларға шақыру хат жібереді. Сондай-ақ оларға барлық қажетті ақпарат беріледі: оқудың басталу күні, байланыс ақпарат (телефон, факс нөмірлері, электрондық поштаның мекенжайы және т.б.), ҚИнЭУ-ге рәсімдеу процедурасы, университет туралы жалпы ақпарат.

7.7.  Академиялық жұмылдыру шеңберінде ҚИнЭУ-ге келген студенттерді есепке алу рәсімі білім алушыларды қабылдаудың ішкі ережесімен орнатылады.

7.8. ОБ өтілген оқуды сертификаттауды қамтамасыз етеді.

8-ТАРАУ. Шетел студенттер, магистранттар, оқытушылар мен қызметкерлерінің академиялық жұмылдыруы

8.1. Шетел студенттер, магистранттар, оқытушылар мен қызметкерлерінің академиялық жұмылдыруды іске асыру негізі ЖОО аралық ынтымақтастық болып табылады.

8.2. Жеке академиялық жұмылдыруды іске асыру үшін шетел студенттері мен магистранттарын шақыру туралы мәселесін қарауға негіз болатын белгіленген формадағы кезекті семестрдің басталуына дейін 3 айдың ішінде кешікпей алынған сауалнама-өтініш болып табылады.

8.3. Академиялық жұмылдыру шеңберінде ҚИнЭУ–ге шетел білім алушыларын шақыру туралы шешімін ҚИнЭУ-дің ХББ мынадай құжаттардың бар болған жағдайында факультеттермен келісу бойынша қабылдайды:

–  сауалнама-өтініштер;

–  паспорт көшірмелері;

– еуропалық талаптарға сай рәсімделген бұрыннан алынған білім беру туралы мәліметтері;

– қабылдаушы және жіберуші тараптармен келісілген жеке оқу жоспары

– шетел білім алушыны қабылдау туралы факультеттің өтініші; сондай-ақ жатақханада бос орын болған жағдайда.

8.4. Оқу төлемақысы, көлік шығындары, тұру, тамақтану, медициналық қызмет көрсету студенттің (магистранттың) жеке немесе жіберуші тараптың қаражат есебінен жұмсалады. Оқу төлемақысы Университет ректорымен бекітілген ECTS (Кредиттерді аударудың Еуропалық жүйесі) 30 академиялық кредиттер есебінен оқу бағдарламасының еңбекпен сіңірумен үйлесімді смета бойынша орнатылады

8.5. Шетел оқытушылар Университетке академиялық жұмылдыру аясында ғылыми еңбек және лекция оқу үшін 1 академиялық жылға шақырылуы мүмкін.

8.6. Байқау бағдарламасына немесе жұмылдыру туралы келісімнің талаптарына сәйкес студенттерді қабылдау туралы хабарландыруды Халықаралық байланыстар басқармасы ҚИнЭУ порталында орыс және қазақ тілдерінде ақпаратты орналастыру арқылы жүзеге асырады.

8.7. Ақпаратта оқу үшін пәндер (факультеттердің берілген ақпарат негізінде, өтініш беру мерзімі, осы жағдайда қабылдау үшін орындауға қажетті міндетті шарттар), сондай-ақ сауалнама-өтініш үлгісі көрсетілуі тиіс.

8.8. Өтінішті қанағаттаған жағдайда ХББ тиісті университеттерге және өтініш берушіге қабылданған шешім туралы хабарлап, визалық қолдауды қамтамасыз етеді. Өтініш берушілерге сондай-ақ қажетті ақпарат (жауапты қызметкердің аты және қызметі, телефон, факс нөмірлері, электрондық поштаның мекенжайы), ҚИнЭУ-де рәсімдеу процедурасы, университет туралы жалпы ақпарат жіберіледі.

8.9. Өтілген оқуды сертификаттау ХББ және ОБ орнатылған тәртіпке сәйкес Оқу жұмысы жөніндегі проректорымен келісе отырып өткізеді. ХББ үлгерімі (транскриптер) туралы рәсімделген академиялық анықтамаларын студенттер мен ҚИнЭУ-ге оқуға жіберген ЖОО өкілетті органдарына  тиісті түрде жібереді.

9-ТАРАУ. Концепцияны іске асыруды болжамдайтын нормативтік құқықтық актілердің тізімі

9.1  Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы.

9.2  ҚР МЖМББС  5.04.19-2011 «Жоғары білім беру. Бакалавриат. Негізгі ережелер».

9.3  ҚР МЖМББС 5.04.033-2011 «Жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ережелер».

9.4  ҚР МЖМББС 5.04.034-2011 «Жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру. Докторантура. Негізгі ережелер».

9.5   Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелері. ҚР БҒМ 2011 жылғы 20 қарашадағы № 152 бұйрығы.

 

10-ТАРАУ. Ережені бекіту және өзгерту тәртібі

10.1. Осы ереже университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен бекітіледі, өзгертіледі және толықтырылады.