Блог ректора
Photo Фотоальбом Колледж История КИнЭУ
Студенческая весна-2017

Tempus

КИнЭУ в Вконтакте

Одноклассниках

КИнЭУ на YouTub'e

КИнЭУ в Twitter'e

КИнЭУ в Instagram'e

Техника әлемінде

Облыс орталығындағы М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде жоғары оқу және техникалық және кәсіптік білім беру орындарының студент жастары, жалпы орта білім беру мектептері мен  қосымша білім беру орталықтарының  оқушылары арасында робот техникасы бойынша «Ғылым және техника» атты  облыстық фестиваль болып өтті. 

Фестиваль бағдарламасы  барысында жастар мен оқушылар  спортттық робот техникасының алты түрі бойынша сынға түседі,  түрлі  нысандардың макеттері мен модельдердің көрмесі ұйымдастырылады, ғылыми жобаларды қорғайтын болады. Ғылыми жобалардың тақырыптары да осал емес, атап айтсақ,  ауыл шаруашылығындағы, денсаулық саласындағы, көліктегі инновациялар, келешек қалалары мен ғимараттары, ақылды үй деп аталады.  Фестивальді осы оқу орнының ректоры С. Есмұратов  ашып, жастарға сәттілік тіледі.

Сол секілді  балаларға қосымша білім беретін өңірлік оқу-әдістемелік орталығының директоры С. Әзімжанова,  республикалық «КазРоботикс» ұйымының төрайымы А. Жекева  сөз сөйлеп, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Фестиваль аясында жастар мен оқушылар екі күн бойы сынға түседі.

Гүлназым САҒИТОВА
Ақпарат мына сайттан алынды: http://kostanaytany.kz/archives/49640